Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сұңғат пен Бекболат «Қазақстан барысына» барады

Өткен аптада Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің облыстық кезеңі өтті.

Бұл жарысқа облысымызға қарасты аудандар мен Атырау қаласынан іркітеуден сүрінбей өткен 15 палуан қатысты. Тартысты өткен жарыста жерлесіміз Сұңғат Закарияев «Атырау барысы» атанса, одан фналда ұтылған мұқырлық Бекболат Салықов күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал, «Қызылқоға барысы» атанған тағы бір жерлесіміз Руслан Ізғалиев қола жүлдегер атанды. Сөйтіп, «Қазақстан барысы» турнирінің облыстық кезеңінде үш бірдей жерлесімізжеңіс тұғырынан көрініп, аудан күресінің абыройын тағы бір асқақтатты. Енді осы жарыста бірінші және екінші орын алған Сұңғат пен Бекболат шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде облыс намысын қорғайды. Ендеше жерлестерге сәттілік тілейміз.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521