Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Руслан – Қазақстан кубогының жүлдегері

Шымкент қаласында қазақ күресінен ересектер (ерлер және әйелдер) арасында Қазақстан Республикасының Кубогы үшін жарыс өтті.

Оған еліміздің барлық өңірінен 600-ден аса балуан қатысып, үш күн бойы жарыс көрігін қыздырды. Аталмыш жарыста 90 келіде облыс намысын қорғаған жерлесіміз Руслан Ізғалиев алғашқы белдесулерді сәтті бастағанымен, жартылай финалда шығыс қазақстандық қарсыласына есе жіберіп алды. Ал, үшінші орын үшін болған белдесуде Қарағанды облысының балуанынан айласын асырып, жарыстың қола жүлдегері атанды. Жақында ғана «Қызылқоға барысы» атанған Руслан апта өтпей тағы бір байрақты бәсекеде жүлдегер атанып отыр. Ендеше, жарыстан жүлдесіз қайтпайтын Русланға «Жауырының жер иіскемесін» демекпіз.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521