Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Парадзюдошылар жарап тұр

Таяуда, Қызылорда қаласында парадзюдодан ерлер арасында халықаралық туринр өтті. Бұл жарысқа АҚШ, БАӘ, Румыния, Ресей және Қазақстаннан барлығы 300-ге жуық палуан қатысты.

Аталмыш жарыста ел намысын қорғаған жерлестеріміз Абылай Әділбеков пен Ғалымжан Махметов жеңіс тұғырынан көріне білді. Атап айтқанда, 81 келіде белдескен Абылай алғашқы белдесулерін сәтті бастағанымен, жартылай финалда өзінің командаласы атыраулық палуанға есе жіберді. Үшінші орын үшін болған белдесуде БАӘ балуанын ұтып, жарыстың қола жүлдегері атанды.

Ал, 90 келіде бақ сынаған Ғалымжан болса іріктеу кезеңінде АҚШ, Ресей, Қазақстан және Грузия елінің палуандарынан айласын асырып, алтыннан алқа тақты. Сөйтіп, жерлестеріміз халықаралық турнирде екі бірдей жүлдеге ие болып, Қызылқоға күрес мектебінің абыройын тағы бір асқақтатты. Ғалымжан мен Абылай алдағы уақытта парадзюдодан Баку қаласында өтетін Гран-При турнирі мен Токио қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті. Егер осы жарыстардан жүлдеге ілініп, жеткілікті ұпай жинайтын болса, 2020 жылы Токиода өтетін параолимпиаданың да ауылы алыс емес. Ендеше, жерлес палуандарға сәттілік тілейміз.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521