Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Нұрлыбек облыс намысын қорғайды

Өткен аптада Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында ұйымдастырылған V параолимпиадалық ойындарға қатысқан қызылқоғалықтар жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өтетін V параолимпиадалық ойындарға іріктеу мақсатында өткен сайыста ядро итеру, найза, диск лақтырудан Нұрлыбек Исатаев, үстел теннисінен қыздар арасында Ұлжан Қаламғали І орынды жеңіп алып, облыс намысын қорғайтын болды. Ал, ерлер арасында үстел теннисінен өткен бәсекеде санаттарына байланысты Тұрар Әжіғалиев пен Базарбай Теміржанов ІІ орынды иеленсе, Елтай Есжанов пен Нұрсұлтан Елтай ІІІ орынды еншіледі. Ал, үстел теннисін жұппен ойнауда қызылқоғалық теннисшілер ІІІ орынды иемденді.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521