060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

МИЯЛЫЛЫҚТАР ЖАРАДЫ

Өткен аптаның жұмасы күні Миялы спорт кешенінде шағын футболдан жасөспірімдер арасында аудандық ашық лиганың екінші кезеңі өтті.

Аталмыш додада бақтарын сынаған командалар жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігерлері жалындап тұрды.

f

Нәтижесінде, аудан орталығы Миялы ауылдық округінің командасы қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынға ие болды. Турасын айтқанда, аудан намысын облыстық сайыстарда қорғап жүрген миялылық аяқдоп шеберлерінің дайындығы өзге қарсыластарына қарағанда жоғары екендігі көрініп тұрды. Осы тұста, команда жаттықтырушылары Бауыржан Досқалиев, Бекзат Өтешов, Шыңғыс Серікұлы сынды жаттықтырушылардың еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн. Ал, екінші орын үшін болған ойын тартысты өтті. Себебі, Жангелдин ауылдық округінің командасы мен Көздіғара ауылдық округінің командасы арасындағы ойын 3-3 есебімен тең аяқталды. Әйтсе де, сайыс ережесіне сай доп айырмасымен Көздіғара ауылдық округінің командасы екінші орынға қол жеткізді. Жангелдиндік футболшылар үшінші орынды еншіледі. Жарыстың «Үздік ойыншы» атағы миялылық Диас Мизамға берілді. Сайыс соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жарас Есенғалиев жас спортшыларға алғыс білдіріп, жеңімпаз-жүлдегер командаларды марапаттады.

Нұрәділ ЕЛАМАН

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?