Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мәлік Сүлейменов турнирі мәреге жетті

Өткен аптаның сенбі-жексенбі күндері Миялы спорт кешенінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы, Атырау облысында дзюдо мен қазақ күресінің негізін қалаушы Мәлік Сүлейменов атындағы дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында аймақтық турнир болып өтті.

Дәстүрлі турнирге Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Қызылқоға ауданынан барлығы 200-ге жуық жас палуан қатысып, екі күн бойы жарыс көрігін қыздырды. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов пен Миялы ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Жаубасар Мұхамбетов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Содан кейін боз кілемге жасөспірімдер шығып, жан алысып, жан беріскен белдесулерді бастап кетті. Ал, жарыстың екінші күні турнирді тамашалауға аудан әкімі Арман Баженов, жарыс иесіне игі тілегін арнап, жарыс иесіне естелік сыйлық табыс етті. Осылайша, екі күн бойы спорт жанкүйерлерін дүрмекке бөлеген жарыс өз мәресіне жетіп, жеңіске жеткен палуандарды жарыс иесі мен құрметті қонақтар марапаттады.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521