Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мәлік Сүлейменов атындағы турнир басталды

Миялы спорт кешенінде Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы, Атырау облысында дзюдо мен қазақ күресінің негізін қалаушы Мәлік Сүлейменов атындағы дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында аймақтық турнир басталды.

Бұл турнирге Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Қызылқоға ауданынан барлығы 200-ге жуық жас палуан қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов пен Миялы ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Жаубасар Мұхамбетов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Содан кейін боз кілемге жасөспірімдер шығып, жан алысып, жан беріскен белдесулерді бастап кетті.

Айта кетейік, 13 сәуір күні  басталған турнир екі күнге созылады.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521