060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Ұлттық ойындардан сынға түсті

Миялы спорт кешінінде аудандық Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындардан аудандық жарыс өтті.

Сайыс алдында аудандық оқушылар үйінің оқушылары жасаған көрме ұйымдастырылды. Көрмені аудан әкімі Арман Баженов бастаған топ арнайы аралап, «Жас техниктер» және «Жас натуралисттер» үйірмесінің қолдан жасаған бұйымдарымен танысты. Содан кейін, аудан мектептерінен келген оқушылар асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ сынды ұлттық оындардан сынға түсті. Тоғызқұмалақ ойынының нәтижесінде бірінші орынды Қарабау, екінші орынды Тасшағыл, жүлделі үшінші орынды Миялы орта мектептері жеңіп алды. Асық атудан жаңашаруалық Ахмет Атабекке дара шықса, екінші орынды №9 орта мектептен қатысқан Жеңіс Балгереев иеленді.мергендер сайысының жүлделі үшінші орыны Б. Аманшин атындағы орта мектептің оқушысы Есбай Қонысқа бұйырды. Ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстың ең қызықтысы – ләңгі тебу болды. Бұл сында тасшағылдық Ерасыл Ертас жеңімпаз атанса, екінші орынды Сағыз орта мектебінен қатысқан Мерей Жанжігіт, үшінші орынды Жаңашаруа орта мектебінің оқушысы Зейнолла Сағидолла иеленді. Сайысты қорытындылаған аудандық оқушылар үйі директорының міндетін атқарушы Есет Махмут жүлдегер атанған ойыншыларға бағалы сыйлықтармен,дипломдар табыстаса, көрме ұйымдастырған үйірме жетекшілерін де дипломмен марапаттады.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?