Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әлем чемпионатына жолдама алды

Өткен аптада Түркістан қаласында самбо күресінен спорт шеберлері арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Бұл жарыста 68 келіде бақ сынаған жерлесіміз Жандос Тілекбаев аудан абыройын асқақтатып қайтты. Іріктеу сынында Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облысының палуандарын ұтқан ол ақтық айқаста Нұр-Сұлтан қаласының палуанынан айласын асырып, жарыс жеңімпазы атанды. Жасы қырықтан асса да спорттан қол үзбеген Жандос енді қазан айында Кипр қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521