Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Концорциумның демеушілігі

Жақында Атырау қаласындағы «Концорциум «ISKER» ЖШС облыстық баскетбол федерациясының қолдауымен Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан ашылған баскетбол үйірмесін стандартқа сай спорт формаларымен және доптармен қамтамасыз етті.

Баскетбол спорты ауданымызда кенже қалып келе жатқан спорт түрлерінің бірі екені жасырын емес. Ал, оны дамыту үшін спорттық базаның нығаюы маңызды екені белгілі.

Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Болатбек Меңдіғалиевтің айтуынша, біраз жылдан бері облыста баскетболдан мектеп лигасы ұйымдастырылып келеді. Өткен жылы спорт мектебі жанынан баскетбол үйірмесі ашылып, жаттықтырушы болып Б.Аманшин атындағы орта мектептің І санатты дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Аманқұл Бижан тағайындалды. Осы азаматтың ұсынысымен мектеп баскетболшылары облыстық баскетболдан мектеп лигасының құрамына еніп, өнер көрсетіп келеді.

Айта кетсек, облыстық мектеп лигасының құрамында облыстағы аудандардан тек қана Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің баскетболшылары ғана бар. «Концорциум «ISKER» ЖШС-нің бұл демеушілігі баскетболмен айналысатын жас спортшыларға қолдау көрсетуімен бірге жауапкершілікті де жүктейтіні кәміл. Ендеше, тәжірибелі бапкерден тәлім алып жүрген жас баскетболшыларға дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көрініп, аудан абыройын асқақтатуларына тілекшіміз.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521