Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Халықаралық турнирден қола жүлде

Өткен апта жерлес палуандар үшін сәтті басталды.

Сондай жарқын жаңалықтың бірі – мұқырлық палуан Бауыржан Қасымның халықаралық турнирден қола жүлдегер атануы.Дәлірек айтсақ, Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ІІІ халықаралық турнирі өткен болатын. Сол жарыста 73 келіде бақ сынаған Бауыржан Қасым іріктеу сынында барлық қарсыластарынан басым түскенімен, жартылай финалда қырғыз спортшысына есе жіберіп алды. Ал, үшінші орын үшін болған белдесуде қарағандылық спортшыны ұтып, жарыстың қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Бауыржан бұған дейін Алматы қаласында дзюдодан жастар арасында Б. Махмутовтың құрметіне арналған Азия кубогында да жүлдегер атанған болатын. Бір айда, қос бірдей халықаралық жарыстан жүлдегер атанған Бауыржанның алар асуы бұдан да жоғары деп сенеміз.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521