Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ІРІКТЕУДЕН СҮРІНБЕЙ ӨТТІ

Жақында Атырау қаласында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық ойынды дәріптеу мақсатында тоғызкұмалақтан 9, 11, 13, 15 жастағы ұлдар мен қыздар арасында облыстық біріншілік өтті.

Оған Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің он бес оқушы қатысып, бақтарын сынады. Ойын барысында әр ауданнан келген ойыншылар өздерінің шапшаңдықтарын, есепке жүйрік екендіктерін дәлелдеп бақты. Нәтижесінде, 2006-2007 жылы туған қыздар арасындағы ойында Рауан Сисенғали І орынды жеңіп алса, 2008-2009 жылы туған ұлдар арасындағы ойында Акторғын Мыңбай мен осы жастағы қыздар арасындағы бәсекеде Қарақат Амандыққызы ІІІ орынды иеленді. Ал, 2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы ойында Алтынай Ерсін ІІ орын, Бекарыс Дулатұлы ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, жарыста үздік ойын өрнегін көрсеткен Бұлбұл Мақсотова, Нурай Ерланқызы, Інжу Нұржанқыздары алғыс хатпен марапатталды. Оқушылардың жеңіс тұғырынан көрінуіне Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі Шынар Күздеубаеваның еңбегі зор. Айта кетейік, жеңімпаз балғындар маусым айында Павлодар каласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алып отыр. Ендеше, тоғызқұмалақшы жасөспірімдерге жеңіс тұғырынан көрініңдер деген тілек білдіреміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521