Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ғибрат – Қазақстан чемпионы

Жақында Өскемен қаласында джиу-джитсудан 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталмыш жарысқа Сағыз ауылының балуандары да қатысып, аудан абыройын асқақтатып қайтты. Атап айтқанда, 46 келіде бақ сынаған Ғибрат Әмірше алғашқы төрт белдесуін таза ұтып, финалда шымкенттік балуаннан айласын асырды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанып, Греция астанасы Афины қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Ал, 50 келіде белдескен Мұхамбет Ғайни болса финалға дейін барлық қарсыласынан басым түсіп, ақтық сында маңғыстаулық спортшыдан ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Осы орайда, сағыздық сайыпқырандарды байрақты бәсекеге дайындап, олардың биік нәтижеге қол жеткізуіне жаттықтырушы Аманжол Бекбаулиевтің де еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521