Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Даниярдың шәкірттері тағы да қуантты

Таяуда, Ресей елінің астанасы Мәскеу қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир болып өтті.

Осы сынға мұқырлық жерлесіміз, самбо күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы Данияр Жақсиевтің шәкірттері де қатысып, ел мерейін үстем етті. Айталық, Аяжан Хайролла бірінші орынды иеленсе, Дәмелі Асылхан екінші орынға қол жеткізді. Ал Дана Әбдірова үшінші орынды еншіледі. Сөйтіп, олар ел абыройын асқақтатып оралды. Айта кету керек, Данияр жерлесіміз бүгінде Атырау қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып қызмет етеді. Аталмыш балғын дзюдошыларды жарысқа дайындауда Даниярдың әріптесі Жасұлан Зейноллаев екеуінің сіңірген еңбегі зор.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521