Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Беріктің шәкірттері олжалы оралды

Таяуда көрші Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтіп, онда тасшағылдық жаттықтырушы Берік Әжіғалиевтің шәкірттері де бақ сынап, олжалы оралды.

Аталмыш облыстың барлық аудандарынан екі жүзге тарта балғын дзюдошылар қатысқан додада тасшағылдық Рафаэль Айбар (35 келі салмақта) бірінші орынды, Болат Ізбасар (38 келі) екінші орынды, Ғаділет Нұрланұлы (32 келі), Нұрсайын Қайырбек (26 келі), Бекарыс Махамбетұлы (42 келі), Нұрқанат Бақытжанов (46 келі), Аманай Батырлар (50 келі) үшінші орынды иемденді. Сөйтіп, ауыл, аудан абыройын бір асқақтатып тастады.

Б.ІЗБАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521