Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Баскетболшылар бақ сынады

Жақында Миялы спорт кешенінде салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл спортының деңгейін көтеру мақсатында жасөспірімдер арасында баскетболдан аудандық біріншілік өтті.

Оған аудандағы сегіз орта мектептің командасы қатысып, екі күн бойы Миялы спорт кешенін дүбірге бөледі. Тартысты өткен турнирде Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің оқушылары қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынды жеңіп алса, Қаракөл орта мектебі күміс жүлдегер атанды. Ал, жүлделі үшінші орын Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының баскетболшыларына бұйырды. Жарыстың «Үздік ойыншысы» болып Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің оқушысы Сағадат Асқаров танылса, «Үздік орталық қорғаушы» атағына Қаракөл орта мектебінің оқушысы Мейірбек Талғат, ал, «Үздік шабуылшы» атағына Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Мұрагер Серікұлы лайық деп танылды.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен үздік ойыншылар дипломдар, кубок, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Осы орайда, бұл жарысқа жеке кәсіпкер Қайырбек Баймұратовтың демеуші болғанын айта кеткен жөн.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521