Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Барыс» ауыспалы кубокты иеленді

Өткен аптаның сенбісі күні салауатты өмір салтын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің құрама командасын жасақтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада өтті.

iimg_2514

Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған спартакиаданың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов жарысқа қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі. Сайысқа қатысқан ауданға қарасты барлық ауылдық округтегі мемлекеттік қызметшілер «Барыс», «Жігер», «Намыс» және «Достық» командаларына бөлініп, спорттың тоғыз түрінен сынға түсті. Барлық спорт түрі бойынша команда ойыншылыры ерлер мен әйелдер арасында құрамаларда додаға түсті. Алдымен орталық стадионда 100 метрге жүгіру мен эстафетадан бастау алған спорттық сайыс одан әрі Миялы спорт кешенінде үстел теннисі, шағын футбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бильярд және волейбол ойындарымен жалғасты.

i

i

Нәтижесінде, аудан әкімі аппараты, аудандық мәслихат, сот, қазынашылық, кірістер, статистика басқармалары мен Жамбыл, Қызылқоға, Тайсойған ауылдық округтерінің әкімі аппараттарынан құрылған «Барыс» командасы жеңіс тұғырынан көрініп, ауыспалы кубокты иеленді. Ал, басқа командалар мен жекелеген спортшылар арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521