Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БАЛҒЫН ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ БӘСІ БИІК

Жақында Атырау қаласындағы №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Балықшылар күні» мерекесіне орай, дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті.

Сайысқа Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарымен бірге, Атырау қаласы, Исатай ауданынан палуандар келіп, бақтарын сынады. Осы додаға аудан атынан Сағыз спорт кешенінде жаттығатын жас дзюдошылар да қатысып, жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінді. Айталық, 26 келі салмақта Ернар Бағытжанұлы мен 38 келі салмақта Ерасыл Қуандық кездескен барлық қарсыластарын жеңіп, бірінші орынға ие болса, Айхат Мырзабекұлы (26 келі), Ерхан Мұрат, Әділжан Нұрым ( екеуі де 35 келі), Ермахан Жұмалар (+38 келі) екінші орынды иеленді. Ал, Арнат Мақсот (29 келі), Жеңіс Ниязғали (32 келі), Дамир Асыланбекұлы (35 келі) үшінші орынға қол жеткізді. Осылайша, сағыздық жас дзюдошылар аудан мерейін үстем етті.

Нұрәділ ЕЛАМАН

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521