Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауыл баласы спортқа ден қойды

Былтырғы жылы Сағыз ауылдық округіндегі балғын спортшылар үшін де жетістікке толы жыл болды десе болғандай.

Себебі, Сағыз дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде тәлім алатын балғын боксшылар мен джиу-джитсушылар жыл аяғында табыспен оралды. Соның бір айғағындай, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай джиу-джитсудан жас жеткіншек, жасөспірімдер мен жастар арасында Атырау қаласында өткен облыстық ашық біріншілікте Сағыз, №9, Кенбай орта мектебінің оқушылары джиу-джитсудың неваза системі, файтинг системі бөлімдері бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінді. Айталық, неваза система бөлімі бойынша Ғайни Мұханбет (Кенбай, 55 келі), Жандос Әділжан, Берікболсын Жанболатұлы (алғашқысы 40 және 31 келі, екеуі де №9) бірінші орынды, Исламбек Қанатұлы (Кенбай), Бекзат Мағзом (Кенбай), Әли Қалиболла (Сағыз, 60 келі), Қуат Шарапат (Сағыз, 37 келі), Бекзат Ғабиден (№9, 37 келі), Жеңісбек Қыдырбайлар (№9, 31 келі) екінші орынды, Дидар Кеңес пен Сералы Тұманбай үшінші орынды иеленсе, файтингтен Ыдырыс Ноғайбаев (Сағыз, 60 келі), Дәулет Қожагелді (№9, 37 келі), Берікболсын Жанболатұлы (№9, 31 келі), Жандос Әділжандар (№9, 40 келі) бірінші орынға, Қуат Шарапат (№9, 37 келі) пен Сералы Тұманбай екінші орынға, Бекзат Ғабиден (№9, 37 келі), Ақниет Елеусін (№9, 37 келі), Бекзат Мағзомдар (Кенбай) үшінші орынға қол жеткізді. Шәкірттерінің осындай жетістікке жетуіне жаттықтырушы Аманжол Бекбаулиевтің еңбегі зор.

Сол сияқты Ақтөбе қаласында бокстан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекесіне арналған жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілікте бапкер Еркін Тұрғановтың шәкірттері Ильяс Райымбек (46 келі салмақта) бірінші орынды иеленсе, Ернар Нұр (44 келі салмақта) мен Есбол Сағынғалиев (57 келі салмақта) үшінші орынды еншіледі. Сөйтіп, әлгінде айтқан Сағыз дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде тәлім алатын балғын спортшылар болашағынан мол үміт күттіретінін тағы бір дәлелдеді. Ендеше, тек жеңістен жеңіске жете беріңдер жас өрендер дейміз.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521