Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Арулар бақ сынасты

Жақында, Миялы спорт кешенінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен әйелдер арасында волейболдан жарыс өткізілді.

Аталмыш жарысқа, аудандағы бөлім, мекемелерден біріктірілген «Достық», «Барыс», «Қайрат», «Тұлпар», «Қайсар», «Сұңқар», «Болашақ» командалары қатысты. Тартысты өткен ойында бірінші орынды «Сұңқар» командасы жеңіп алса, екінші, үшінші орындарды «Достық» және «Қайсар» командалары өзара бөлісті. Сайыстың «Үздік ойыншысы» болып Зарина Отарбаева танылды. Жеңімпаз бен жүлдегер командаларға бөлімнің атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ, мерекеге орай Сағыз ауылында да волейболдан әйелдер арасында жарыс өтті. Оған округтегі барлық мекемеден командалар қатысып, нәтижесінде Сағыз дәрігерлік амбулаториясы жеңімпаз атанса, екінші орынды №9 орта мектеп жеңіп алды. Жүлделі үшінші орын Сағыз орта мектебіне бұйырды. Ал, жарыстың «Үздік ойыншы» атағы Бибінұр Сағиеваға берілді.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521