Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЛМАЗ БЕН ЗУЛЬФИНА - ЖЕҢІМПАЗ

Жақында Миялы спорт кешенінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық үстел теннисі болып өтті.

z

Жарыс барысында, теннисшілер командалық, жеке ерлер, жеке әйелдер арасында сондай-ақ, ерлер арасында, әйелдер арасында жұптасып сайысудан сынға түсті. Нәтижесінде, командалық сайыстан «Миялы-1» командасы бірінші орынды, «Миялы-2» командасы екінші орынды иеленді. Жарыстың үшінші орны «Жангелдин» командасына бұйырды. Жеке ерлер арасындағы дода да Алмаз Есенғалиев бәрінен үздік шығып бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды Абзал Қапсалимов, үшінші орынды Думан Жекенов иемденді. Ал, жеке әйелдер сайысында бірінші орынды Зульфина Әбдіғалиева иеленсе, екінші және үшінші орындарды Гүлім Александр мен Ұлжан Қаламғалилар өзара бөлісті. Сондай-ақ, ерлер арасындағы жұптасу сайысында бірінші орынды «Миялы-1» командасы жеңіп алса, екінші орынды «Миялы-2», үшінші орынды «Жангелдин» командалары иеленді. Ал, әйелдер арасындағы жұптасып сайысудан бірінші орынды «Миялы-2» командасы жеңіп алса, екінші орынды «Миялы-1» командасы, үшінші орынды «Жангелдин» командасы еншіледі. Жарыс соңында, жеңімпаз-жүлдегерлерге медальдар мен кубоктар табыс етілді.

Нұрәділ БИЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521