Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Айбар – Азия чемпионы

Жақында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында джиу-джитсудан ересектер арасында ІV Азия чемпионаты өтті.

Бұл жарысқа Атырау облысының құрамасы да қатысып, байрақты бәсекеден табысты оралды. Солардың қатарында жерлесіміз, облыстық джиу-джитсу федерациясының директоры, әрі бас жаттықтырушысы Айбар Есенғалиев та бар. Спортшыларды жарысқа бастап барған ол жастарға үлгі көрсетіп, өзі де боз кілемге шықты. Джиу-джитсу спортының файтинг бөлімі бойынша 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбар алғашқы белдесуде моңғол мен тайландтық спортшыны жеңіп, ақтық бәсекеде тағы бір жергілікті спортшымен кездесті. Оны да айқын басымдылықпен жеңген жерлесіміз құрлық чемпионы және «Халықарлық дәрежедегі спорт шебері» атағын иеленді. Жасы қырыққа таяса да жастармен бірге боз кілемге шығып, алтын алқа тағынған Айбар Есенғалиевтің бұл ерлігі расымен де көпке үлгі. Спортта шекара жоқ деген осы шығар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521