Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тарихи орындарға саяхат жасады

Туған жердің тарихын білу, оны жас ұрпақтың санасына сіңіру кез келген ұстаздың басты мақсаты екені даусыз.

Соған сай, наурыз айында өзім сабақ беретін оқушылардың көктемнің каникулын тиімді өткізу әрі туған жер тарихымен таныстыру мақсатында Сарайшық «Мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» және Атырау қаласындағы тарихи өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырдым. Аудандық білім бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің арнайы рұқсатымен ұйымдастырылған саяхатқа мектебімізден 9-сынып оқушылары қатысып қайтты.

Саяхатты әуелі қасиетті Сарайшық қалашығының орнынан бастауды жөн көрдік. Әуелі Сарайшық мешітіне бас сұғып, сол жерде жерленген хандарымыздың, ата-бабалардың рухына құран бағыштадық. Одан әрі археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде ашық аспан астындағы мұражайға айналған Сарайшық қаласының ескі орнында болып, оқушыларға қала туралы, оның қазақ халқы үшін алатын тарихи орны жайлы түсіндірдім. Содан кейін, Сарайшық мұражайына барып, тарихи құнды жәдігерлермен таныстық. Сарайшыққа сапарымыз осы жерден аяқталып, саяхатты Атырау қаласындағы облыстық тарихи өлкетану мұражайында жалғастырдық. Бұл мұражай бірнеше залдан тұрады екен. Солардың бәрін қызығушылықпен тамашалаған оқушылар тарихи сапардан керемет әсермен оралды. Тарихи орындарға саяхат оқушылардың ой-өрісі мен білім көкжиегін кеңейтуге таптырмас құрал. Осыдан үш жыл бұрын да дәл осындай саяхатты 11-сынып оқушыларына ұйымдастырған болатынмын. Сол кезде қолдау білдіріп жартылай жетім және аз қамтылған оқушыларыма демеушілік танытқан жеке кәсіпкер Бағытжан Берікқалиевке алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта осындай іс-шараларға ауыл азаматтары да өз үлесін қосса екен деген тілегім бар.

Төреш ҚОЗБАҚОВ,

Ғ. Сланов атындағы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521