060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Әскерилер де қайырымдылықтан тыс қалмады

Мектеп – жарқын өмірге бастар ұлы баспалдақ! Ақын мен ғылымның, дана мен дарабоздардың да буынын бекітіп, біліммен сусындатып, еркелігі мен балалығын ақыл мен парасатқа жеңдіретін осынау алтын ұяның білім қақпасының айқара ашылуына да санаулы күндер қалды.

Бұл күнге әр бала өзінше, ерекше дайындалып, сағынышпен келері анық. Осы орайда көкейімізде балаларымыз жаңа оқу жылына қаншалықты дайын деген сұрақ келеді халқымыздың әлеуметтік жағдайының әр түрлі екені, кей отандастарымыздың түрлі жағдайлармен ұл қыздарын оқу науқанына толықтай дайындай алмай жатқаны да баршамызға аян. Осы тұста жыл сайынғы игілікті іс «Мектепке жол» акциясына көпшіліктің айтар алғысы мол екені де рас. Биылғы жылы Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесі де осынау «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен жалғасын тауып жатқан қайырымдылық шарасына өз үлесімізді қосып, бөлімше қызметкерлерімен қоса әскери полиция жанынан құрылған әйелдер кеңесімен бірлесе отырып қайырымды істер атқардық. Көптің ісі көлмен тең деп, бірлесе отырып Атыраулық екі отбасының үш балалары Қаспақпаева Мадина, Кайкен Дамир және Кайкен Дарханға тиісті мектеп формасымен, сөмке, оқу құралдарымен толықтай қамтамасыз етілді. Мұндай игі бастамалардың, қайырымдылық шараларының ұрпақ тәрбиесінде де алар орыны ерекше. Көпке көмек, кішіге үлгі болатын осындай іс-шараларға әрі қарай да атсалыса береміз.

Бақтияр Дәуренқұлов,

Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің (әкімшілік тәжірибе) офицері

әділет капитаны 

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?