Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кредит бойынша қарыздың кешірілгенін қалай білуге болады?

Қазақстандықтар қарызы кешірілетіндер қатарына кіретіндердің тізімін онлайн режимде көре алады

Кредит бойынша қарыздың кешірілетіндердің тізімін Egov.kz электронды үкімет порталындағы "Қарыз жүктемесін азайту үшін бағдарламаға қатысу мәртебесін тексеру" деген бөлімнен қарауға болады.

Сондай-ақ, 111 телефон нөміріне хабарласып, мамандардан кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары қарыз жүктемесін азайтуға қатысты барлық сауалға жауап беруге дайын.

Қарызы өтелетіндердің тізімі қалай жасалады

Қарызы өтелетіндердің тізімі орталық мемлекеттік органдардың ақпарат жүйесіндегі мәліметке сай жасалады. Білім министрлігі жетім балалар, 29 жасқа толмаған ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, кәмелеттік жасқа толмай ата-анасынан айырылғандар мен 23 жасқа дейінгі студенттердің тізімін әзірледі. Әділет министрлігі ақпараттық жүйедегі мәліметтерді азаматтық хал актілері бойынша тексерді.

Нәтижесінде жарлықтағы талаптарға сай адамдар (2,08 миллион адамға жуық) мен олардың отбасы мүшелерінің (465 мың адамға жуық) тізімі әзірленді.

Дереккөз: sputniknews.kz

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521