Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әйелдер мен еркектің құқығы тең

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды.

Қабылданған гендерлік теңдік стратегиясы – адамдардың жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан теңдей құқыққа ие болуына кепілдік береді. Өкінішке орай, қолға алынған игі бастамаларға қарамастан, әйелдерге әлімжеттік жасайтындар жоқ емес.

Тәуелсіздік алғалы бері гендерлік теңдік саясатын жетілдіруге көп көңіл бөлінді. Осы аралықта қыз-келіншектердің өзін-өзі көрсетуіне, азаматтық позициясын арттыруына, ерлермен бірдей мүмкіндіктерге ие болуына жан-жақты қамқорлық жасалды. Әйелдердің ерлермен қатар сапалы білім алып, денсаулығын қорғауына, отбасында зорлық-зомбылық көрмеуіне кепілдік берілді.

Сондай-ақ, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жолдауларында ана құқығын қорғауға, бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, отбасылық зорлыққа тосқауыл қоюға үнемі назар аударып келеді. Соның ішінде, сот жүйесінде де әйелдерге күш көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері, ажырасу және алимент өндіру істері бойынша олардың құқықтарының қорғалуына басты назар аударылуда.

Аудандық сотта өз әйелін немесе апа-қарындастарын ұрып-соғу, олардың ар-намысына тиетін сөздер айтып балағаттау, яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетуге байланысты әкімшілік құқық бұзушылық, неке бұзуға қатысты бірнеше азаматтық істер қаралуда. Бұл жағдайлардың көпшілігі ерлердің ішімдік ішу салдарынан туындайтыны өте өкінішті жайт.

Ер азаматтың қалап алған жарына қол жұмсап, күш көрсеткені ақтауға келмейді. Бірақ, кей жағдайды соған дейін ушықтырмауға әйелдің ақылы, тіпті айла-амалы жетпей қалатын тұстар да болады.

Айнұр ЫСҚАҚ,

аудандық соттың бас маманы сот отырысының хатшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521