Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Дін мамандары кеңес берді

Жақында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталағының теологы Шүкіріддін Темірқұлұлы мен «Бәйтерек» мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов, облыстық Дін істер басқармасы, Ақпараттық-талдау орталығының аудандық «Діни бірлестіктермен жұмыс» және «Аудандық жұмыстарды үйлестіру» бөлімінің мамандары Нұрболат Ғизат пен Нұрлыбек Сәкен аудан тұрғындарымен кездесті.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын-алу мақсатында олардың шығу тарихы мен таралу жолдарын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 453, 490 баптарында көзделген жауапкершілік жөнінде түсінік берді.

Мамандар алдымен аудан орталығындағы мекемелерде түсінік жұмыстарын жүргізіп кейін, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға, Тайсойған ауылдық округтерінде болды. Елімізде салафизм ағымын ұстанушы жастардың күннен күнге артып бара жатқанын айтқан мамандар ата-аналар мен жоғары сынып оқушылары арасында кездесуді жөн санады. Кездесу барысында, мамандарға түрлі сұрақтар қойылып, тұшымды жауап берілді.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521