Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тұтынушылар жүлделі болды

Ашылғанына көп бола қоймаса да сапалы қызметімен аудан халқының ризашылығына бөленген жеке кәсіпкер Асылбек Мұратовтың «Жолаушы тасымалдау» орталығы жақында Наурыз айын қорытындылап, ең көп такси шақырған тұтынушыларды марапаттады.

Марапаттау рәсімінен бұрын орталық алдында жиналғандарға ақ пен бауырсақ ұсынылды. Содан кейін сөз алған жеке кәсіпкер Асылбек Мұратов:

– Біздің таксопаркте қазіргі таңда 25 такси халыққа қызмет етуде. Сондай-ақ, түнгі ауысымға арнайы екі такси шығады. Күндіз де, түнде де ауыл ішіне жүру бағасы 200 теңге. Одан бөлек, бізде Миялы-Сағыз бағытына он такси жүреді. Алдағы уақытта аудан халқы Миялы-Сағыз бағытына жүретін таксиді біздің орталық арқылы шақырса, екі ортаның бағасын 1500 теңге емес 1200 теңгеге дейін түсіру ойда бар. Ол үшін жергілікті таксилер орталыққа тіркеліп, тұтынушылар да таксопарк арқылы тапсырыс беруі керек. – деді.

Бұдан соң, наурыз айы бойынша тапсырыс берген тұтынушылар марапатталды. Марапатталған он адамның ішінде бір айда ауыл ішіне 108 мәрте такси шақырған Әсем Құмарғалиева мен Миялы-Сағыз бағытына 12 мәрте тапсырыс берген Сара Дәулетқалиева шаңсорғышпен марапатталды. Қалған жүлдегерлерге де бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521