Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Түсінік жұмыстарын жүргізді

14-19 наурыз күндері аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында құрылған мобильдік топ мүшелері Бауыржан Сисенов, Ринат Сүйінов, Гүлнұр Батиховалар барлық ауылдық округтерді аралап, халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізді.

Айта кету керек сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамда сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру, өзекті мәселелердің алдын алу үшін және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 2018 жылы «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы жасақталған болатын. Аталған жобаны қоғам арасында одан әрі насихаттап, халықтың мемлекеттік қызметке сенімін нығайтуды көздеген аталмыш топ мүшелері тиісті іс-шаралар негізінде тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізіп, аталған агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментімен жасақталған жадынамалар таратылды.

Сонымен қатар, өте үлкен және маңызды жоба болып табылатын, барлық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметін, тұрғындардың күнделікті тіршілігінде кездесетін мәселелерді қамтитын «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылып, түсіндірілді. Және адам көп шоғырланатын жерлерге орналастырылды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521