060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жерлестеріміз жарап тұр

Жақында Индербор кентінде «Аудан-Қала» атты арнайы жобасының ауыспалы кубогі сарапқа салынды.

Көңілді тапқырлар ойнына Индер, Мақат аудандарымен Атырау қаласынан барған командалар қатарында ауданымыздың «Қызылқоға құрамасы» да өнер көрсетіп, ауыспалы кубоктың жеңімпазы атанып қайтты. Сайыста талапкерлер «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап» тапсырмалары аясында тапқырлық танытты. Жерлес әзілкештер аздаған минут ішінде бар өнерлерін ортаға салып, барлық командалардан үздік шықты. Қос турда да ең жоғары ұпайға ие болған жерлестеріміз аудан абыройын асқақтатуы - үлкен мерей. Сондай-ақ, жерлестер кубокпен бірге 150000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Нұрәділ ЕЛАМАН

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?