060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жас түлектердің жалынды кеші

Өткен сенбі күні «Арман» мәдениет үйінде Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының биылғы жылғы мектеп бітіруші түлектері, ауыл тұрғындарына ерекше кеш ұйымдастырды.

Тебіреніске толы шарада түлектер алтын ұя мектептеріне арнап тамылжыта әуезді әндер орындап, мың бұрала би биледі. Сондай-ақ, мектеп қызықтарын еске салар әуенді көріністер қойып, көрермендермен қызықты ойындар ұйымдастырды. Сонымен қоса, жаста болса мектеп абыройын асқақтатып жүрген оқушылар туралы көгілдір экраннан қысқаша бейнесюжеттер көрсетілді. Бұл кештің тағы бір ерекшелегі жастар тыңдайтын, заманауи, әндер мен ескі ретро әндерге түлектердің флешмоб билеуі болды. Осылайша, тал бойы өнерге толған жас түлектердің осындай әсерлі кешінен кейін тебіренбеген көрермен қалмады. Концерттік шараға жиналған дүйім жұрт мектеп бітіруші жас түлектердің өнерлеріне тәнті болып, болашақ қадамдарына сәттілік тілеп тарқасты.

Нұрәділ ЕЛАМАН

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?