060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Зәуреш анамен кездесті

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте ардагер ұстаз, ауданның құрметті азаматы Зәуреш Насыровамен кездесу кеші болып өтті.

«Ұстазым – ұлағаттым, үлгі – өнегем» тақырыбында өткен кешке Зәуреш апайдың ұрпақтары және Зияда Зинуллина, Нұрбике Мұсағалиева, Маруаш Макимова сынды ардагер ұстаздар құрметті қонақ болып қатысты. Шара қонақтары алдымен мектеп мұражайын аралап, онда қойылған құнды жәдігерлермен танысты.

Мұражайдың ішінде ауданның өркендеп дамуына үлес қосқан атпал азамат Аташ Досалиев пен ардагер ұстаз Зәуреш Насырованың өмір жолынан сыр шертетін арнайы бұрыш ашылып, көпшілік назарына ұсынылды. Содан кейін осы мектептің 11-сынып оқушылары, талай облыстық, республикалық байқаудың жүлдегерлері Кәмшат Ғұбайдуллина мен Рита Хамиттің шығармашылық жұмыстары қойылған көркем өнер галлериясының ашылу салтанаты өтті. Онда қос оқушыны көркем өнерге дайындап жүрген ұстазы Жанар Әбуова келген қонақтарға оқушылардың қолынан шыққан туындыларды таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Бұдан соң шараның екінші бөлімі кездесу кешіне ұласып, онда алдымен ардагер ұстаздың өмір жолынан сыр шертетін слайд көрсетіліп, артынша мектеп директоры Гүлшара Сары келген қонақтарға қош келдіңіз айтып, кеш иесіне құттықтау хат табыс етті.

Кездесу пікір алмасу бағытында өтіп, ұлағатты ұстаз Зәуреш Насырова оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, өнегелі өмірінен естеліктер айтты. Сондай-ақ, аталмыш кеште апайдың шәкірттері де сөз алып, ұстазы туралы ұлағатты пікір білдірді. Ал мектеп оқушылары болса кеш қонақтарына арнап өлең оқып, күй тартып, би билеп жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Дулат БЕРІК.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?