060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

«Қызылқоға әуендері» шырқалды

Жақында Көздіғара ауылдық округіндегі «Самал» мәдениет үйінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен «Қызылқоға әуендері-2019» атты әуесқой сазгерлердің әндерін орындаушылардың аудандық байқауы өтті.

Бұл байқауға Сағыз, Мұқыр, Миялы, Қызылқоға, Тайсойған, Жамбыл, Тасшағыл, Көздіғара, Ойыл, Жангелдин ауылдық округтерден он үміткер қатысып, олар әуесқой сазгерлер Еңсеген Әби, Сүйінғали Өтеуов, Бақтыбай Досбосынов, Абат Рашқалиев, Қалыбек Құлмағанбетов, Дастан Саркенжиев, Амандық Төлеген, Аманбек Берікқалиев, Құралбек Жұмаевтың жаңа әндерін орындаудан сынға түсті.

Көмейіне бұлбұл ұялаған жезтаңдай әншілердің байқауында қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені көздіғаралық Нұрдәулет Аманкелді иеленсе, бірінші орынды сағыздық Мақсат Мерғалиев жеңіп алды. Ал, екінші орын Тайсойған ауылынан қатысқан Заманбек Абзалұлы мен мұқырлық әнші Әділет Досбосыновқа бұйырса, жүлделі үшінші орындарға қарабаулық Жеңіс Ернұр мен Миялы ауылынан қатысқан Гүлхан Қалыбек ие болды. Сондай-ақ, сайысқа белсене қатысқаны үшін Аманбек Таспанов, Асылхан Хамитұлы, Аманбек Берікқалиев, Сұлтанбек Аманкелділер алғыс хатпен марапатталды. Барлық жүлдегерлер дипломмен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?