060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Патриоттық әндер шырқалды

Отан қорғаушылар күніне орай «Арман» мәдениет үйінде «Елім менің» атты патриоттық әндерді орындаушылар арасында аудандық байқау өтті.

Екі кезеңнен тұратын аудандағы 9 округтен үміткерлер қатысты. Бірінші кезеңде қатысушылар Ұлы Отан соғысы, ауған соғысы жылдарында туған әндерді шырқаса, екінші қазіргі таңдағы патриоттық жаңа әндер шырқалды. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Жамбыл ауылдық округінен қатысқан Асан Әмірхан жеңіп алса, мұқырлық Серікболсын Меңдібай екінші орын иегері атанды. Жүлделі үшінші орын тасшағылдық Амангүл Ахан және Жангелдин ауылының намысын қорғаған Раушан Марат пен Гүлсезім Тасқынбайқызының дуэтіне берілді. Сондай-ақ, байқауға қатысқан Аяжан Қойшығали (Сағыз), Назым Бағдат (Тайсойған), Аружан Русланова (Миялы), Назым Мақсот (Ойыл), Әділбек Кәрімдер (Көздіғара) ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан диплом және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Дулат МӘТЖАН

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?