060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Ұлттық музыка ұмытылмаса екен

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тарихи санамызға сілкініс жасаған айтулы мақала болды.

Соның ішінде ұлттық музыкамызды ұлықтауға бағытталған «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» атты бөлім бар. Аталмыш бөлімді оқи отырып, ойға қалдым. Расымен де ұлттық музыка халқымыздың баға жетпес құндылығы. Ежелден бері атадан балаға мұра болып, сан ғасырлық тарих қойнауынан өтіп, бүгінде жоғалмай осы күнге жеткен асыл қазынамызды біз әрі қарай өсіп келе жатқан ұрпаққа мұра қылып жеткізуіміз керек. Сонда ғана жастарымыз Батыс пен АҚШ-тың даңғазасына еліктемейтін болады. Елбасы сөзінің астарына үңілсек үлкен мән жатқанын байқаймыз. Бүгінде эстраданың дәуірлеп тұрған заманында, ұлттық музыканың заман көшінен қалыс қалып бара жатқаны да ақиқат.

Президент аталған мақалада «Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады» деген болатын. Сондай-ақ, алдағы уақытта қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын яғни «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару жоспарда бар. Осылайша Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды. Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек. Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады.

Сонымен қатар, фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет.

Биғайша АҒАШИНА,

Миялы балалар өнер мектебі домбыра пәнінің ұстазы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?