060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Кеш жарық көрікті ой сыйлады

Биылғы жылды Елбасы Н.Назарбаев Жастар жылы деп жариялаған болатын. Жастар жылында атқарылар жұмыс та, алға қойған мақсат та көп. Яғни, жастарға артылған сенім жоғары. Ал, жастар жылының алғашқы шарасындай «Шұғыла» мәдениет үйінде ауыл жастарының ұйымдастыруымен «Кеш жарық» атты кеш болып өтті.

Концерттік бағдарлама екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Сұрақ-жауап» деп аталып, кеш қонақтары республикалық «Үздік студент – 2018» төсбелгісінің иегері Мерей Арыстан, республикалық «Жарқын болашақ» байқауының жүлдегері Дәнекер Мұстафа, «Сағыз» КВН командасының мүшесі Алжар Ғазиздер студенттік өмірлерінен сыр шертіп, жеткен жетістіктерін ортаға салды.

Ал, екінші бөлімде жан-жақта білім нәрімен сусындап жүрген студенттер өз өнерлерін көрсетті. Алғаш болып сахнаға шыққан Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжінің студенті Д.Шанықұл «Арба соққан» күйін шертсе, Р.Бекболат «Сәйгүлік», Ә.Сағызбай «Армансыз күнім болмайды» әндерін шырқады. Сонымен қатар, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенті А.Кеңес «Қаражорға» күйін орындаса, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Ә.Сағызбай «Алтынай» биін, Б.Қойшыбай мен Г.Жақсылық «Ерке қыз» қазақ биін мың бұрала биледі. Сол сияқты, М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникациялар академиясының студенті А.Қарасайдың орындаған «Сүйемін» атты әні жастар көңілінен шықса, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Дәурен Қашқынбай оқыған «Қасқыр» атты көркемсөз көпшілікті тебірентпей қоймады.

Кештің өтуіне Сағыз ауылдық округінің жастар жетекшісі Айдана Жетібай мен белсенді жас Бекарыс Зәкария зор үлес қосты. Кешті қорытындылаған «Шұғыла» мәдениет үйінің директоры Ғафура Жанбосынова студенттерді алғыс хатпен марапаттап, ауданның Құрметті азаматы Жәния Ізбасқанның «Қасиетіңнен айналдым, Қызылқоғам» атты кітабын табыс етті.

Осылайша, сағыздық жастар ауыл хал-қына әдемі де әсерлі кеш сыйлады.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?