060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Көшеаралық өнер фестивалі басталды

Ауданның 75 жылдығы қарсаңында «Ауылым – алтын бесігім» атты көшеаралық өнер фестивалі өтті. Шара шымылдығы Е.Нұршаев ауылы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен басталды. Мәдениет пен өнер саласына ақпараттық насихаттық қолдауды жандандырып, халықтың мәдени демалысын жақсарту, жас ұрпақтың, халықтың өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараны Миялы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Нұрбол Бижанов ашты. – Фестивальді өткізудегі мақсат – тасада қалған таланттарымызды көпшілік алдына шығарып, оларға қолдау көрсету. Ай жарым уақытқа созылатын шара қыркүйек айының ортасына дейін жалғасады. Ауданның мерей тойына арналған өнер сайысына ауыл тұрғындарын ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын,-деді ол.

koshe1

Содан соң көше тұрғыны Айсұлу Зиманова «Мен сені сүйем өмір» әнін шырқады, ал, көшенің кішкентай бүлдіршін бишілері қазақ биі «Бипылды» әсем әуен ырғағында мың бұрала биледі. Содан соң Темірбек Алтынбекұлы «Топырағыңнан айналдым, Қызылқоғам», Бағдарбек Ұзақбай «Бағдаршам», Орынгүл Нұртаева халық әндерін әуелетсе, Ақбаян Жаубасар Махамбеттің термесін төкпелетті. Сондай-ақ, көше тұрғыны Асқар Жұмағалиев, Ринат Нұрлыбекұлы әуезді әсем әндерімен, Алтынай Нұрлыбек үнді биімен, «Ойыл аруы» бишілер тобы орыс биімен көрермен қошеметіне бөленді. Жанас Есенжан өзінің төл туындысы «Туған жер» атты жыр шумағын көпшілікке ұсынды. Фестивальдің алғашы шарасы болғандықтан ба, аталған көше тұрғындарының концерттік бағдарламасы мектеп оқушылардың саздық сәлемімен толықты. Алты көше тұрғындарының басын біріктірген фестивальде ауылдың алты ауызын айтатын әжелер ансамблін, аудан тарихынан сыр шертетін бейне не сахналық көріністерді көре алмадық. Алдағы уақытта шара ұйымдастырушылары осы жағына мән берсе екен дейміз.

Гүлмира МАҚСОТ

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?