060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Дәстүрлі ән дәріптелмек

Сөздің шыны керек соңғы жылдары қазақ сахнасын эстрада әншілері басып алды.

Тойда да, эфирде де, концертте де көбіне эстрада жұлдыздары жүреді. Ал, дәстүрлі әншілер Наурыз тойы мен құдалықтардың көркі болып жүрді.

Сол кездерде «Бұл қалай болғаны, неге дәстүрлі әншілерге эстрада жұлдыздары сияқты жол ашылмайды?» деген ой келетін. Міне, сол ойды дөп басқандай, жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады. Соның ішінде «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» атты бөлімі барша дәстүрлі әншілерді тәнті етті. Аталмыш бөлімде Елбасы «Сонымен қатар, қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын –«Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет», – деді. Бұл өшкеніміз сөніп, өлгеніміз тіріледі деген сөз. Себебі, біздің қазақ даласында қаншама халық әндері мен күйлері бар. Бірақ, өкінішке орай көбі сұраусыз жатыр. Егер аталмыш жинақ басылып шығар болса, дәстүрлі әннің екінші тынысы ашылады.

Мойындау керек дәстүрлі ән елімізде қанша шырқалып жүрсе де ғылыми тұрғыда әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Өнердің осы бір саласын дұрыстап зерттер болсақ ұрпаққа үлгі боларлық тың дүниелер табуға болады. Осы мәселеге баса назар аударған Мемлекет Басшысы «Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды. Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз», – деді. Демек, біз дәстүрлі әнімізді зерттеп қана қоймай, бүкіл әлемге дәріптеуіміз керек. Сонда ғана дәстүрлі әншілеріміз әлемдік сахнаға шығып, қазақтың кім екенін, қандай болғанын барша ғаламға паш ете алады.

Берік АМАНТАЙ,

дәстүрлі әнші,

«Мен қазақпын» жобасының қатысушысы.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?