060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Астаналар қалай өзгерді?

Кез келген елдің өз астанасы болатыны белгілі. Оның ішінде тәуелсіз Қазақстан астанасының орны ерек. Оны бүкіл қазақ елі түгілі, әлем көз тіге таңырқап қарауда. Астана – ғимараттары жаңадан бой тіктеген, елдің қандай екенін көрсетер символы. Ал, осы бұрынғы астанамен қазіргі астананың тарихы қалай? Астаналар қалай өзгерді? Иә, тәуелсіз еліміздің өткені тарих парақтарынан айқын көрініп жатыр.

Бұл жазбамызда Қазақстанның бұрынғы астаналары туралы сөз қозғайтын боламыз. Ең алдымен, Қазақстанның алғашқы астанасы (Алаш автономиясының) 1917-1920 жылдары Семей қаласы (ол кезде Алаш-қала) болды. Одан соң, 1920 жылдан кейін Қырғыз АССР-ы астанасы Орынбор қаласы болып бекітілді. Кейін 1925 жылы республиканың аты Қазақ АССР-ына, астана Ақмешіт қаласына ауысып, қала аты бірден Қызылорда болып өзгерді. Ал, 1929 жылы астана Алма-Ата қаласы болып ауысты. Содан соң, 1936 жылы Қазақ АССР-ы РКФСР құрамынан бөлініп, Қазақ ССР-ы болып қайта құрылды. Осылайша Алма-Ата қаласы 1929-1936 жылдары Қазақ АССР-ының, 1936-1991 жылдары Қазақ ССР-ының, 1991-1997 жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1993 жылғы қабылданған Конституцияда қала аты Алматы деп көрсетіліп, оның ел астанасы екендігі айтылған. Алма-Атаның Алматы болып өзгеруі осы құжаттан бастау алады. Ал, 1997 жылдың 17 желтоқсанында Астана қаласы Қазақстанның ресми астанасы деп жарияланады. Астана қаласының ел астанасы ретіндегі халықаралық таныстырылымы 1998 жылдың 10 шілдесінде өтті.

Мінекей, болашаққа жарқын идеялармен қадам жасаған еліміздің астаналары біртіндеп бүгінгідей жас қаланы тік тұрғызды. Бұл сөзге бүгін қазақ түгіл, төрт-күл әлемнің еті үйренгендей. Еліміздің мәртебесін, мерейін тасытқан Астанамыз дүниежүзіне мәлім. Олай дейтініміз, бүгінде Астанамызда әлемнің талай мемлекеттерінің өкілдері бас қосып, пікір алмасып, мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдануда. Ендеше, осындай жүрегімізге мақтаныш сезімін ұялататын Астанаға биыл 20 жыл. Жаңа қала, жаңа шаһар Астананың еліміздің бой түзейтін бойтұмары екені даусыз. Сондықтан, Астанамыздың келешекте бүгінгіденде құлпырып, ілгері көркейе беретініне сенім мол.

Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕН.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?