060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Жангелдиндіктер жан жадыратты

Бір өзенді қатар емген Ойыл және Қызылқоға аудандары әуелден төсекте басы, төскейде малы қосылған көрші аудандар. Қос аудан арасында соңғы кезде мәдени байланыс нығайып, іс-шаралар жиі өтуде. Осыған орай, ойылдық Сарыбие мен қызылқоғалық Жангелдин ауылдық округтері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында қаңтар айында сарыбиелік өнерпаздар Жангелдин мәдениет үйінде өздерінің концертін қойып, көрші ауылдың алғысына бөленген еді. Ал, жақында жангелдиндік өнерпаздар Сарыбие ауылдық округіне қарасты «Шапақкөл» мәдениет үйінде «Ән көңілдің ажары» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.

 

Алдымен Жангелдин мәдениет үйі жанындағы Халықтық театры Бақыт Исрайлдың «Қобдиша» қойылымын қойса, артынша Жангелдин ауылдық округінің әкімі Аязбай Оразов құттықтау сөз сөйлеп, сарыбиеліктерге естелік сыйлық табыстады. Содан соң сахнаға «Асыл әжелер» халықтық ансамблі шығып, әсем әндерден шашу шашса, «Жайлау тынысы» вокалді аспаптар ансамблі көрерменге ой салар жағымды әндерімен көрерменді бір серпілтті.

Олардан бөлек, жангелдиндік өнерпаздар салған ән мен билеген билер көрші ауылдың көрермендеріне естен кетпестей қызық сыйлады.

Дулат МӘТЖАН

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?