Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %AM, %06 %041 %2018 %00:%Дек

    Сағыздық балуандардың мерейі үстем

    Бұдан бұрын Сағыз ауылында жасөспірімдерді дзюдо, қазақ, самбо, күрестеріне баулып жүрген Сәлімгерей Нұрболғанов бапкерлік жұмысын жақында бастаса да, шәкірттері аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпаз-жүлдегерлері қатарынан көрініп жүргенін жазғанбыз.

    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай, дзюдодан «Жас динамошылар» жасөспірім ұлдар және қыздар арасында Атырау қаласында өткен республикалық ашық турнирде Сәлімгерейдің шәкірттері тағы да жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінді. Айталық, Дамир Асылбекұлы мен Жеңіс Ниязғали аталмыш жарыста бірінші орынға ие болса, Аян Тыныштық, Саят Жұмағали, Арнат Мақсоттар үшінші орынға қол жеткізді. Ал, қазақ күресінен Атырау қаласында болған облыстық сайыста Қуаныш Сембай екінші орынды иеленсе, Арнат Мақсот пен Бауыржан Мағзом үшінші орынды иемденді. Сөйтіп, сағыздық жас балуандар мереке қарсаңында жақсы жетістіктерімен қуантып, ауыл, аудан мерейін үстем етіп оралды.

    Өз тілшіміз.

    Прочитано 45 раз
    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.