Сексен балуан сынға түсті

Миялы спорт кешенінде Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, ауданның Құрметті азаматы Мәлік Сүлейменовтің жүлдесі үшін қазақ күресінен 2002-2004 жылы туылған ұлдар арасында аймақтық ашық турнир өтті.

Ұлттық спортты дамыту, қазақ күресінің деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға Атырау қаласынан, Жылой және Исатай аудандарынан, Миялы, Сағыз, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл ауылдық округтерінен барлығы 80 жас балуан қатысып, тоғыз салмақта бақтарын сынады. Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов:

– Ұзақ жылдар бойы шәкірттерін спортқа баулып, оларға ұлттық деңгейде тәрбие беріп келе жатқан Мәлік Екпіндіұлының еңбегі орасан зор. «Қызылқоғаның Қажымұқаны» атанған Мәлік ағайымыздың шәкірттері, олардың шәкірттері бүгінгі күні әлемдік деңгейдегі дүбірлі додаларда топ жарып, еліміздің көк туын желбіретіп келеді. Сіздер де бүгінгі жарыста жеңіс тұғырынан көрініп, болашақта ел намысын қорғайтын азамат болыңыздар, – деген ізгі тілегін білдіріп, Мәлік Сүлейменовке аудан әкімі Арман Баженовтің Құттықтауы мен естелік сыйлығын табыс етті. Бұдан кейін аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, ауыл ақсақалы Жалғас Әжіғалиев құттықтау лебіздерін білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысында бірінші орындарды 38 келі салмақта Нұрзат Қуаныш (Атырау қаласы), 42 келі салмақта Төрәлі Сағатқалиев (Миялы а/о), 46 келі салмақта Жандарбек Керей (Жылыой ауданы), 50 келі салмақта Бағытжан Нарешов (Миялы а/о), 55 келі салмақта Әбілхан Қосшы (Көздіғара а/о), 60 келі салмақта Қайсар Табылды (Жылыой ауданы), 66 келі салмақта Төребек Амангелдиев (Миялы а/о), 72 келі салмақта Нұралы Ұлықпан (Миялы а/о) және +72 келі салмақта Бекарыс Жаманбай (Сағыз а/о) жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ.

Прочитано 209 раз

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru