«Жаңа Қаратон» жеңімпаз атанды

Сағыз ауылында Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай ауылдың белсенді жастары «Жақсылық жасап жарысайық, жастар» атты кіші аяқдобынан қайырымдылық жарысын өткізді.

Жарыстың мақсаты – бала жастан мүмкіндігі шектеулі Жалғас Әлиұлының еміне қаржы жинау әрі рухани қолдау білдіру. Аталмыш жарысқа Құлсары қаласы мен Сағыз ауылынан барлығы бес команда қатысты. Қайырымдылық турнирі болғасын барлық командалар жарысқа жарна төлеп қатысты.

Сағыз спорт кешенінде өткен жарыс ә дегеннен тартысты басталды. Әсірсе, Құлсары қаласынан келген «Жаңа Қаратонның» қарқыны қатты болды. Барлық қарсыластарын ұтқан құлсарылықтар жарыс жеңімпазы атанса, олардан ақтық сында ұтылған «Сағыз» командасы екінші, «Бірлік» командасы үшінші орынды жеңіп алды. Құлсарылық Бекзат Дүбіров «Үздік ойыншы» атанса, «Үздік қақпашы» атағына Еркебұлан Шектіғұлов лайық деп танылды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Сағыз ауылындағы филиалының футбол жаттықтырушысы Жәнібек Жамиев марапаттаса, Сағыз ауылдық округінің мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізуші әлеуметтік қызметкері Талжібек Жаңұзақова қайырымдылық жарысынан түскен қаржыны Жалғас Әлиұлының анасына табыстады. Осылайша жарыс қайырымдылықты бір арнаға тоғыстыра білген сағыздық жастардың бұл ісі көп үлгілі іс болып ел есінде қалды.

Дулат БЕРІКҰЛЫ.

Прочитано 27 раз

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru