Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %AM, %17 %041 %2018 %00:%Окт

    Облыстан үш қола иеленді

    Жақында Атырау қаласында 2003-2004 жылы туған жасөпірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасы чемпионатына облыстық іріктеу жарысы болып өтті.

    Аталмыш жарысқа Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Сағыз ауылындағы филиалы спортшылары да қатысып, жүлдемен оралды. Атап айтқанда, облыстық іріктеуге қатысқан 54 келіде Әсет Орынбасаров, 57 келіде Нұртас Ержан, 63 келіде Алпамыс Жолжандардың үшеуі де қола жүлдегер атанып, аудан намысын абыроймен қорғап қайтты.

    Айта кетейік, спортшылардың барлығы да №9 орта мектебінің оқушылары. Бокс спорты ауданымызда кенже қалғанын ескерсек, сағыздық боксшылардың бұл жүлдесін үлкен нәтиже деп айтуға болады. Осы орайда, спортшыларды аталмыш жарысқа дайындаған жаттықтырушы Еркін Тұрғанның еңбегі еселі екенін айта кеткен абзал.

    Дулат БЕРІКҰЛЫ

    Прочитано 276 раз
    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.