Шаршы тақтадағы тартыс

Алты алашқа сауын айтылып, жоғары деңгейде өткен Сағыз ауылының сексен жылдығы жексенбі күні спорттық жарыстармен жалғасын тапты.

Алдымен «Шұғыла» мәдениет үйінде «Гурьев-Қандыағаш» темір жолын салуға үлес қосқан Құрметті теміржолшы Мыңбай Сәдуовты еске алуға арналған шахматтан ересектер арасындағы ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында алдымен Сағыз ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұралы Әбишан құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілесе, ардагер ұстаз Амангелді Сәрсембаев пен «Қызылқоға» газетінің бас редакторы Бауыржан Сисенов игі тілектерін білдірді. Сайысқа Көздіғара, Сағыз, Мұқыр ауылдық округтеріне қарасты Жантерек, Жамансор елдімекендерінен барлығы 14 шахматшы қатысты.

Тартысты өткен сайыста бірінші орында Асылбек Сүйеу, екінші орынды Досан Химаденов (Екеуі де Сағыз ауылдық округінен) жеңіп алса, үшінші орынға жамансорлық Болат Көбеков ие болды. Ал, Көздіғара ауылдық округінен қатысқан ардагер спортшы Амангелді Сақтағанов пен Жамансор елдімекенінен қатысушы Серік Жұбанов жарыстың «Үздік ойыншысы» атанды. Сайыс жеңімпазы мен жүлдегерлері «Гурьев-Қандыағаш» темір жолын салуға үлес қосқан Құрметті теміржолшы Мыңбай Сәдуовтың ұрпақтарын атынан диплом және заттай, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Дулат БЕРІК

Прочитано 111 раз

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru