Той балуандарсыз өтуші ме еді?

Дүрмекті той балуандарсыз өтуші ме еді?! Сағыздағы тойда да жиналған көпшілік апайтөс балуандардың белдесуін асыға күтті.

Жексенбі күні түстен кейін басталған қазақ күресінен өткен жарысқа облыстың маңдайалды балуандарының біразы жиналды. Жарыс 70 келіге дейін және одан жоғары дәрежедегі салмақтар бойынша өтті. Жеребе бойынша қарсыластарын анықтаған балуандар боз кілемде аянып қалмады. 70 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жақында ғана Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған Наурызбек Майлашев сағыздық Асылбек Қалиевті ұтып, жарыс жеңімпазы атанса, үшінші орынға мұқырлық Нұрболат Ыстыбаев ие болды. Ал, 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белгілі балуан Сұңғат Закарияев өз бабында екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Барлық қарсыластарынан басым түскен ол бірінші орынды жеңіп алса, одан ақтық сында жеңілген атыраулық Абылай Ахмет күміс жүлдені еншіледі. Үшінші орын миялылық Руслан Ізғалиевқа бұйырды. Жарыста жеңімпаз атанған балуан 300 мың теңге байраққа ие болса, екінші орынға 200 мың, үшінші орынға 100 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Дулат БЕРІК.

Прочитано 2360 раз

Видео

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат»

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.

Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64

Электрондық пошта: mialy44@mail.ru