Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %PM, %26 %593 %2018 %13:%Дек

    Өтініштерді қарау тәртібі өзгерді

    Автор
    Оцените материал
    (0 голосов)

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, сапалы қарау – прокурорлар жұмысының басты бағытының бірі.

    Жыл басынан Атырау облысы прокуратура органдарына 4 833 өтініш түсіп, оның жартысына жуығы құзыреті бойынша қарау үшін басқа органдар мен ведомстволарға жолданды. Өздерінің мәселелерін прокуратура органдарына жіберген кезде өтініш берушілер көп жағдайда өткен жылдан бастап қолданысқа енгізілген прокурорлардың өтініштерді жаңа жағдайда қарау тәртібінен хабарсыз екені байқалады. «Прокуратура туралы» Заңға сәйкес прокуратура органдары бұдан былай өтініштерді Президенттің тапсырмасы болған, адамның өмірі мен денсаулығына, қоғамның және мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігіне орны толмас салдарға алып келетін қатер төнген, денсаулығының физикалық немесе психикалық бұзылуына және өзге де мән-жайларға байланысты адам өзін-өзі қорғай алмаған, шектелмеген адамдар қатарының құқығын бұзған, яғни объективті түрде адамдар қатарын анықтау мүмкін болмаған жағдайларда қарайды.

    Бұл ретте, өтініштердің аталған санатын прокурорлар құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың бұзылуы немесе оның болу қатері, сондай-ақ бақылаушы немесе қадағалаушы органның мүдделер қақтығысы болған не олардың шешіміне шағымданған жағдайларда ғана қарайды.

    Сондықтан, егер өтініштер аталған критерийлерге сәйкес келмесе, онда азаматтар мен заңды тұлға өкілдері өздерінің құқықтарын қорғау үшін тікелей уәкілетті органдарға не сотқа жүгінуі қажет. Бұл талаптар, қарау тәртібі қылмыстық процестік, азаматтық процестік, әкімшілік құқық бұзушылық заңнамаларында, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы заңнамаларда белгіленген шағымдарға қолданылмайды.

    Бұдан басқа, 2017 жылдан бастап азаматтық істер бойынша сот шешімдеріне наразылық келтіру туралы прокурорлардың өтінішхаттарын қарау тәртібі де өзгерді. Азаматтық процестік кодекстің 435-бабының жаңа редакциясына сәйкес процеске қатысушылардың өтінішхаттары бойынша Бас Прокурор прокурорлардың қатысуларымен қаралған азаматтық істер бойынша ғана наразылық келтіруге құқылы.

    Осы Кодекстің 54-бабының 2-бөлігі прокурорды үш жағдайда, егер дау мемлекеттің, қоғамның немесе өзін-өзі қорғай алмайтын азаматтардың мүдделерін қозғайтын болса ғана, қатысуға міндеттейді. Бұл талап Бас прокуратура бұдан былай өзге даулар бойынша сот актілеріне Жоғарғы Сотқа наразылық келтіру туралы өтінішхатты қарай алмайды дегенді білдіреді. Азаматтар мен заңды тұлға өкілдері заңды күшіне енген шешімдерге Жоғарғы Сотқа шағымдануы тиіс. Жоғарыда көрсетілген талаптарды білу өтініш берушілерге бірден қажетті адресатқа жүгінуге мүмкіндік береді және көтеріп отырған мәселелерінің жылдам шешілуіне ықпал етеді.

    Атырау облысының прокуратурасы.

    Прочитано 37 раз Последнее изменение %PM, %26 %595 %2018 %13:%Дек

    Оставить комментарий

    Убедитесь, что вы вводите (*) необходимую информацию, где нужно
    HTML-коды запрещены

    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.