Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %AM, %20 %224 %2018 %04:%Дек

    Ұлттық мұраны ұлықтай білейік

    Автор
    Оцените материал
    (0 голосов)

    Осыдан үш жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қазақ хандығының 550 жылдық тойы тойланса, былтыр «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланды.

    Ал, жақында ғана «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи мәні зор мақаласы жарық көрді. Мұның бәрі елімізде тарихи сананы оятып, жоғымызды түгендеу мақсатында жүйелі жұмыстар жасалып жатқанын көрсетеді. Өзіміз тарихшы болғандықтан мақалада айтылған біраз дүниелерді тұщына оқыдық. Соның ішінде «Атқа міну мәдениеті», «Аң стилі», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы» сынды бөлімдері ерекше әсер етті. Ашығын айтайық, велосипед теуіп өскен бүгінгі бала атқа міну білмейді. Егер бұлай жалғаса берсе, кейінгі жас ұрпақ ата дәстүр, баба салты дегеннен мақұрым қалады. Жалпы қазақ жылқыны тек төрт түліктің бірі деп қарамаған.Қазақ баласы үшін арғымаққа ер салып, еңку-еңку жер шалу – бабалар өмірінің өзегі болған.Тайбурыл мен Байшұбарды тақымдаған батыр бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы әлемді білімімен, өнерімен жаулап алса – атқа мінген аталар арманының орындалғаны. Елбасының меңзегені осы мұрат. Сондай-ақ, Ұлы дала төсінде темірден түйін түйіп, алтын-күмістен сауытын сайлап, табиғаттың тылсым дүниесімен аса бір жарасым таба білген ата-бабаларымыз өркениеттің теңдессіз материалдық құндылықтарын өз қажетіне жарата білген. Осы орайда, қадау-қадау мәселелерді алға тарта келіп Елбасы: «Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз», – деп тарихшыларға үлкен міндет жүктеді.

    Ендеше өзім сияқты тарихшы ұстаздар жас ұрпақ санасына ата-бабасының кім екенін ұқтырып, тарихи сананы ояту жолында аянбай тер төгуі керек. Сондай-ақ, Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндет қойып отыр. Осы орайда, қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына екені анық. Енді алдымызда сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту міндеті тұр. Сол бағытта баршамыз жұмыла жұмыс жасап, жас ұрпақтың ұлтжанды болып өсуі жолында аталмыш мақаланы кеңірек насихаттауға тиіспіз.

    Төреш ҚОЗБАҚОВ,

    Ғ. Сланов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

    Прочитано 27 раз Последнее изменение %AM, %20 %234 %2018 %04:%Дек

    Оставить комментарий

    Убедитесь, что вы вводите (*) необходимую информацию, где нужно
    HTML-коды запрещены

    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.