Н. Ә. Назарбаев,
    ҚР Президенті

    Н. А. Ноғаев
    Атырау облысының әкімі

    А. С. Баженов
    Қызылқоға ауданының әкімі

    %AM, %20 %219 %2018 %04:%Дек

    Қоғамдық сананы жаңғыртудың үлгісі

    Автор
    Оцените материал
    (0 голосов)

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы қоғамға үлкен ой салды.

    Мақалада тарихымызға қатысты негізгі құндылықтар айтылған. Соның ішінде, қамқорлықтан кенжелеу қалып жүрген архив қызметі еді. Бұл бағыт бойынша «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасын жүзеге асыру тапсырылған. Бұл бағдарлама арқылы Мемлекет басшысы архив ісінің негізгі бағыттарының бірі болып табылатын ғылыми және әдістемелік жұмыс түрлеріне ерекше назар аударып отыр. Жобаны іске асыру барысында, тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құралған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру міндеттері қойылды.

    Іздестіру жұмыстарының тиімділігі архившілердің анықталған архив құжаттарына қажетті ғылыми әдістемелік және анықтамалық құралдарды дайындауы, ол құжаттардың көпшілікке қолжетімді болу үшін цифрлық технологияларды қолдану арқылы құжаттық мұраның ұзақ мерзімді сақталу міндетімен қатар, құжаттарға жаппай қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша мәселені шешеді.Аудандық архив соңғы жылдарда құжаттарды цифрландыру жұмысын жүзеге асырып келеді. Архивтерде цифрлы құжаттардың қалыптасуы құжаттамалық қамтамасыз ету және архивтік сақтау қызметі мамандарының біліктілігіне деген ерекше талаптарды қажет етеді. Аудандық архив қорында 28000 мыңдай құжат сақтауда болса, оның бүгінгі таңда 0,5 пайызы цифрлық форматқа енгізілді. Аты айтып тұрғандай, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы қазақ халқының бай тарихи бастауын негізге ала отырып, қоғамдық сананы жаңғыртудың, әлемдік өркениет кеңістігінде қазақ ұлтының орны мен рөлін анықтауға бағытталған еңбегі деп білемін.

    Клара САПАР,

    Қызылқоға ауданы мемлекеттік мұрағаты басшысы.

    Прочитано 21 раз Последнее изменение %AM, %20 %220 %2018 %04:%Дек

    Оставить комментарий

    Убедитесь, что вы вводите (*) необходимую информацию, где нужно
    HTML-коды запрещены

    © 2019 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.