Видео

    %AM, %06 %041 %2018 %00:%Дек

    Жеміс – облыстық келіндер сайысының жеңімпазы

    Таяуда Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен "Шаңырақ 2008" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Осындай болсын келінің» атты облыстық келіндер байқауы өтті.

    Үздік келінді таңдауда батыр Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова және облысымыздың белгілі ақ жаулықты аналары төрелік етті. Қала және аудандық байқаулардың жеңімпаздары қатынасқан сынға аудан намысын қорғап, ойылдық Жеміс Қонарова қатысты.

    Ата-бабамыздың ұлттық салт дәстүрін қайта жаңғыртып, қазақ келіндеріне тән ерекше биязылық пен әдептілік танытқан Жеміс Ишанбергенқызы саxна төрінде керемет өнерлерімен жұртшылықты тәнті етті. Отбасындағы тәрбиенің жағымды бейнелерін жоғары деңгейде көрсете білген ол жүлделі бірінші орынға ие болып, облыс әкімінің алғыс хаты мен 400 мың теңгенің сертификатына ие болды. Сөйтіп, аудан абыройын асқақтатты. Айта кетейік Жеміс бұған дейін «Арманә мәдениет үйінде өткен аудандық келіндер сайысында жеңімпаз атанып, осы облыстық байқауға жолдама алған болатын.

    Гүлмира МАҚСОТ.

    Прочитано 121 раз Последнее изменение %AM, %06 %262 %2018 %05:%Дек
    © 2018 Qyzylqoga.kz. Барлық құқық қорғалған.

    Please publish modules in offcanvas position.